Қоғам

Желіде Назарбаевтың қолтаңбасы бар маңызды құжаттың суреті жарияланды

© Photo : pixabay.comҚалам, қағаз, иллюстративті сурет
Қалам, қағаз, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Конституцияның жобасы республикалық БАҚ-та 1995 жылы 1 тамызда жарық көрген

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде 1995 жылы қабылданған Конституцияның түпкілікті жобасының суретін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жалпыхалықтық талқылаудан кейін толықтырылып, өзгертілген Конституияның жобасы республикалық БАҚ беттерінде 1995 жылы 1 тамызда жарияланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі🇰🇿 (@elbasy_nazarbaev)

"Бір ай өткен соң, 1995 жылы 30 тамызда осы мәселе бойынша жалпыұлттық референдум өтті. Референдум барысын қоғамдық бірлестіктер мен шет мемлекеттердің мыңға тарта өкілі бақылады. Дауыс беру нәтижесінде халықтың 89%-і Ата заңның жаңа жобасын қолдап дауыс берді", - деп жазылған Елбасы баспасөз қызметінің инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетсек, бүгін қазақстандықтар Конституция күнін атап өтіп жатыр.

Қолданыстағы қазіргі Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, сол жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Ол 9 тарау және 98 баптан тұрады.

Жаңалықтар
0