Саясат

Назарбаев ядролық держава басшыларын Қазақстанға шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев Ресей, АҚШ, Қытай және басқа да ядролық державаларды планетамыздың болашағы үшін диалог құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық держава басшыларын Нұр-Сұлтанда келіссөз жүргізуге шақырды.

"Жаһандық қауымдастық ақылға келіп, планетамыздың болашағы туралы диалог құруға қадам жасауы тиіс", - деп атап өтті Елбасы "Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығымен" марапаттау салтанатында.

Қазақстанның тұңғыш президентінің айтуынша, мұндай диалог ең әуелі ядролық держава басшылары бір үстел басына жиналып, келіссөз жүргізгенде ғана нәтижелі болмақ.

"Осы мәселедегі негізгі ойыншылар – АҚШ, РФ, Қытай және басқа ядролық держава басшыларын біздің астанамызда кездесіп, келісімге келуге ресми ұсыныс айттым", - деді Назарбаев.

Ірі мемлекет басшылары адамзаттың ертеңі үшін жауапкершілікті әрқашан мойнына алып келді, деп атап өтті Назарбаев.

Тағы оқыңыз: Ресей Қазақстанның басты одақтасы болып қала береді - Назарбаев

"Қазір сондай уақыт: отырып, келісімге келу керек, себебі барлық қақтығыс келіссөзбен ғана аяқталады", - деді Елбасы.

Белгілі болғандай, Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығымен марапаттау комитетінің мүшелері бірауыздан награданы МАГАТЭ-ның бұрынғы бас директоры, марқұм Юкио Аманоға және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассине Зербоға беруді ұйғарыпты.

Жаңалықтар
0