Баян Алагөзова кемшілігін бетке басатындар туралы айтты

© Sputnik / Ксения ВоронинаБаян Максаткызы (Есентаева) встретилась с читателями в Астане и провела автографсессию
Баян Максаткызы (Есентаева) встретилась с читателями в Астане и провела автографсессию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баян Алагөзова жас әнші Ержан Максимге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Алагөзова жас әнші Ержан Максимге танымал адам неден сақ болуы керек екенін айтты.

"Егер сен танымал болсаң, бәрі саған "тура жол" көрсетіп, "дұрыс кеңес" беруден жалықпайды. Сені жиі кемсітіп, мұқатады, кемшілігіңді бетке басады. Қателік жібергенге дейін саған таңырқап, сүйсінеді. Ал кішкентай болса да қателік жасасаң, мұның бәрі бітеді", - деп жазды Алагөзова өзінің Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Сондай-ақ, ол жас жұлдызға сабырлы, сүйікті ісіне адал болуға кеңес берді.

"Сенде бәрі жаңа ғана басталып жатыр. Мықты бол. Біздің ісімізде тек мықтылар ғана жетістікке жетеді. Ал әлсіздер үнемі бізге кедергі келтіруге тырысады", - деп жазды продюсер.

Ержан Максим елге қалай танылды

Ержан Максим 2007 жылы 6 қыркүйек күні Орал қаласында дүниеге келді. Бала кезінен ән айта бастаған. 

Ресейлік "Голос.Дети" шоуына қатысқан соң елге танылды. Байқау қорытындысы бойынша Ержан Максим екінші орын алған болатын. Бірінші орынды Алсудың қызы Микелла Абрамова иеленді. 

Тағы оқыңыз: Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты

Алайда тыңдарман байқау нәтижесімен келіспей, дауыс беру қайта тексерілді. Кейін "Бірінші арна" барлық финалисті жеңімпаз деп таныды. 

Ержан Максим 2019 жылдың 28 маусымында астанада тұңғыш жеке концертін берді. 24 қараша күні Польшада өтетін "Балалар Евровидениесіне" қатысады.

Жаңалықтар
0