Саясат

"Бұл - маңызды оқиға": Тоқаев Қытай елшісімен не туралы сөйлесті?

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Касым-Жомарт Токаев принял посла Китайской Народной Республики Чжан Сяо
Президент Касым-Жомарт Токаев принял посла Китайской Народной Республики Чжан Сяо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында барлық мәселе бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде өз ойын ортаға салды, сондай-ақ биыл қыркүйекте Қазақстан президентінің ҚХР-ға жасайтын алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы баяндады.

"Президенттің пікірінше, алдағы сапар – қазақ-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап екі ел арасында екі жақты ықпалдастық пен халықаралық күн тәртібіне қатысты барлық мәселе бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын айтты", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Беларусь президенті Тоқаевтың қандай адам екенін ашық айтты

Мемлекет басшысы осы дәстүрді жалғастыру керектігін атап өтті.

"Қазақстан ҚХР-мен жаңа технология, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар
0