НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қытайдың Гуандун провинциясы Дунгуан қаласындағы сауда үйлерінің бірінде адам шошырлық оқиға болды, деп хабарлайды Newsflare порталы.
Оқыс оқиға 25 тамыз күні болған екен.
Шаһардағы сауда үйлерінің бірінде әйнек шатырдың күл-талқаны шығып, жаңбырдан кейін жиналған сумен бірге қыздың үстіне құлап, күшті ағынмен алысқа ұшырып жіберді. Жантүршігерлік жайт бақылау камерасына түсіп қалыпты.
Кейін белгілі болғандай, нөсер жаңбыр сауда үйінің әйнек шатырына жиналған. Қатты қысымға шыдамаған шатыр ақыры қирап түсіпті.
Тағы оқыңыз: Жантүршігерлік видео: жігіт келіншегін 12 метр биіктіктен лақтырып жіберді
Оқыс оқиғадан кейін сауда үйіне келушілер қорқып, сыртқа қаша жөнелген. Абырой болғанда, қаза тауып немесе ауыр зардап шеккендер жоқ. Екі адам ғана жеңіл-желпі жарақат алды. Оларды жергілікті аурухана дәрігерлері қарап, үйлеріне жіберіпті.