Қоғам

Министр кімдерге мұғалім болуға тыйым салынатынын айтты

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуДети на уроке, архивное фото
Дети на уроке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрі үкіметте "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Психикалық және мінез-құлық ауытқуы бар адамдарға педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұл норма "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің кезекті отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасын таныстырды. Құжатта мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптар да күшейтілмек.

"Қолданыстағы шектеулерден бөлек, психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарға педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынатын болады", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, айтуынша, 2021 жылдың 1 қаңтарындан бастап университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестілігін растайды.

Заң жобасында педагогтің жүктемесін азайтуға қатысты жекелеген нормалар көзделген.

"Мұғалімнің кәсіби функциясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынады. Мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға және артық есеп беруге шақыртқаны, тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдердің зейнет жасы төмендей ме - министр жауап берді

"Педагог мәртебесі" туралы заң жобасы 19 баптан тұрады, қосымша заң жобасы 192 бапты қамтиды.

Заң жобасы ауқымды бес бағыттан тұрады: материалдық және материалдық емес ынталандыру, әлеуметтік кепілдіктер, ұстаздардың құқықтарын кеңейту, мұғалімдердің жүктемесін азайту.

Үкімет заң жобасын бірауыздан бекітті. Енді ол қыркүйек айында мәжіліске жолданады.

Жаңалықтар
0