НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты өзінің үш жасар қызын зорлап, аса қатыгездікпен өлтірген 47 жастағы тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Сот шешімімен Ордабасы ауданы Бадам ауылының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Серік Рақымбердиев ішіп алып, өзінің 3 жасар қызын зорлаған, артынан асқан жауыздықпен өлтірген. Ол балаға 38 рет пышақ салған.
Қаскөй тек баланы өлтіргенін ғана мойындады.
Тағы оқыңыз: Алматыда 12 жасар қызды анасының көңілдесі зорлап тастады
Тергеу кезінде қылмыскер екі рет арнайы медициналық-психиатриялық сараптамадан өтті. Оның есі дұрыс екеніне ешкім сенбейді. Алайда кешенді сараптама оның дені сау және ешқандай ауытқуы жоқ екенін растады. Өз әрекеті үшін жауап бере алады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, ол сот үкіміне шағым түсірмек.