Қоғам

82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың кімге үйленгені белгілі болды - видео

© Sputnik / Айгерім ТаубайҚазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 37 жастағы Жадыра Сейдешке үйленді

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Жадыра Сейдешке үйленді. Мұны тойда болған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова растады.

"Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің үйленгені рас. Той кеше Алматыда өтті. Оған мен де қатыстым. Той өте керемет өтті. Нұрғали Нүсіпжановтың ең жақын достары болды. Оның ішінде мен де бармын. Оларға тек қана зор денсаулық, бақыт тілеймін", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне тойда болған белгілі актриса Меруерт Өтекешова.

Нұрғали Нүсіпжановтың таңдаған жары – Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген. Ол Ұлттық арна, Қазақ радиосы, КТК арнасында көп жыл журналист, тележүргізуші болып істеген. 2015 жылы "Жүрекжарды" авторлық бағдарламасы үшін "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Үйлену тойында Жадыра Сейдеш құдай қосқан қосағына жүрекжарды тілегін жеткізді. Видеосын әлеуметтік желіде тележүргізушінің бұрынғы әріптестерінің бірі жариялаған.

"Мен сіздің жан дүниеңіздің тазалығын сыйладым. Сондықтан енді еш уақытта ауырып, мен қорқытпаңызшы. Сүрінбеңізші, құламаңызшы, асқар тауым деп таңдадым ғой. Менің асқар тауым болып, Жамбыл жәкемнің жасынан асыңыз. Мен соған қызмет етемін деп келдім. Енді, сіздің өміріңіз осы торттай тәтті өмір болсын", - деді қалыңдық Нұрғали Нүсіпжановтың қолынан ұстап тұрып.

Сондай-ақ Жадыра халық әртісіне ұрпақ сыйлағысы келетінін де айтты.

"Әдемі жасыңызда әке атансаңыз, оның несі айып? Жақсы адамның артынан ұрпақ қалуы керек. Алладан сіздің қолыңыздан ұстап тұрып, бір ғана тілек тілеймін. Кішкентай ғана Нұрғалиұлы біздің шаңырағымызды шаттыққа кенелтіп, өмірге келетін сол сәбидің тілегімен күн кешейікші. Қашан да мен сізді арқа тұтып, сіз мені медеу етіңіз", - деп сөзін аяқтады ол.

Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол - Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші әйелінің есімі – Айгүл. Олар Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзада атты бес бала тәрбиелеп өсірген.

Жаңалықтар
0