Оқиға

"Төбе шашың тік тұрады": Алматы полициясы адам шошырлық суреттегі балаларды іздеп жатыр

© pixabayОтражение обуви в окне, иллюстративное фото
Отражение обуви в окне, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматының полиция департаментіне бұл оқиғаға қатысты шағым түспеген

АЛМАТЫ, 26 тамыз — Sputnik. Алматыдағы биік үйлердің бірінде балалар балконнан аяқтарын салбыратып отырған суреттегі жасөспірімдерді қалалық полиция департаментінің қызметкерлері іздеп жатыр.

Көпқабатты үйлердің бірінде бастарын қауіпке тіккен балалар туралы полицейлер әлеуметтік желіден білген.

© Photo : Instagram / zhest_kzАлматы қаласында түсірілген жантүршігерлік сурет
Төбе шашың тік тұрады: Алматы полициясы адам шошырлық суреттегі балаларды іздеп жатыр - Sputnik Қазақстан
Алматы қаласында түсірілген жантүршігерлік сурет

Пост авторы Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан "Гауһар тас" тұрғын үй кешені тұрғындарынан мән-жайды сұрады.

"Бәлкім, біреу-міреу өз баласын танып қалар. Күзетші әңгіме жүргізілді деді. Оныншы қабатқа, кейін 16-қабатқа шыққан. Мұндайды көргенде төбе шашың тік тұрады", - деп жазды ол.

Instagram-да жарияланған хабарламаға қалалық полиция бірден назар аударды.

"Қызметкерлер оқиға орнына шұғыл аттанды. Қазір Бостандық ауданының ювеналды полиция инспекторлары профилактикалық әңгіме жүргізу үшін жасөспірімдердің ата-анасын іздеп жатыр. Өмірін қауіпке тігуге болмайтынын, соңы немен аяқталуы мүмкін екенін балаларға ересектер түсіндіруі керек", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: 26-қабаттан құлаған бүлдіршін үстін қақты да, кете барды - адам сенгісіз видео

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғын үй кешеніндегі қауіпсіздікті қадағалайтын күзет фирмасының қызметкерлерімен бөлек әңгімелеспек.

Жаңалықтар
0