Спорт

"Ол өтірік айтады": Головкиннің қарсыласы күтпеген мәлімдеме жасады

© AP Photo / Frank Franklin IIБой Головкин - Роллс
Бой Головкин - Роллс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Украиналық боксшы Головкиннің жекпе-жекке қатысты айтқанын жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Орта салмақтағы IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченко жекпе-жекке дайындық барысымен бөлісті.

Геннадий Головкин украиналық боксшыдан біраз қорқатынын айтқан болатын. Сергей Деревянченко осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Мен жекпе-жекке дайынмын. Ертең Калифорнияға барып, жаттығуды бастаймын. Головкин менен қорқатынын айтты. Меніңше, ол өтірік айтады. Ол менен қорықпайды. Мен де одан қорықпаймын. 5 қазан күні рингке шығуға әзірмін. Мен Дэниэл Джейкобспен кездесу кезінде мол тәжірибе жинақтадым", - деді боксшы AB Boxing News-ке берген сұқбатында. 

Тағы оқыңыз: Бокстан Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек DAZN стримингтік сервисі арқылы трансляцияланады.

Жаңалықтар
0