Өңірлер

ШҚО-да сотталушы қасық жұтып, денесіне ине тықты: оқиға немен аяқталды?

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталушының денесіндегі заттар түзету мекемесіндегі ауруханада алынды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібеков Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/6 түзету мекемесінде болған жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Теңізжан Жәнібековтің айтуынша, 22 тамыз күні Facebook, YouTube әлеуметтік желісінде сотталушы видео үндеу жариялаған болатын.

"Видеода ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/6 мекемекесі қызметкерлерінің заңға қайшы әрекетке барғаны айтылған", - дейді ол.

Осы жылдың шілдесінде де сотталушы Қадырмановтан арыз түсіпті.

"Арыз тіркеліп, облыстық полиция департаментіне сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр", - дейді әділет полковнигі.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары сотталушы Қадырманов ОВ-156/6 түзету мекемесінде ас қасығының екі сабын  жұтып қойғанын айтты. Ал бес күн өткен соң өз денесіне ине тыққан.

Тағы оқыңыз: Түрмеде азаптаудан үш сотталушы көз жұмып, біреуі өз-өзіне қол жұмсаған

"13 тамыз күні сотталушының денесіндегі заттар ОВ-156/15 мекемесіндегі ауруханада алынды", - деді Жәнібеков.

Қадырманов аса ірі көлемде ұрлық жасағаны және біреудің денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін сотталған. Ол үнемі қылмыстық-атқару жүйесінің тәртібіне бағынбайды. Салдарынан оның түзету мекемесінде болу тәртібі қатаңдады.

Сотталушы өзінің жасаған қылмысын мойындамаған және өкінбеген. Оның видео үндеуі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл факт ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының жеке бақылауында.

Жаңалықтар
0