Қоғам

Сапарбаев жұртты мазалаған 5% зейнетақы жарнасына қатысты жауап берді

© Sputnik / Абзал Калиевтеңге
теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі жылдан бастап жұмыс беруші қарамағындағы қызметкері үшін өз қалтасынан 5% зейнетақы жарнасын төлеуге міндетті

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Үкімет жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мәселесін талқылау үшін жұмыс тобын құрады. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сапарбаев соңғы уақытта БАҚ-та жұмыс берушілерді 5 процент зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеу мәселесі көп талқыланып жатқанын атап өтті. Айтуынша, жұмыс берушілерді зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеу заңы сонау 2015 жылы қабылданған. Алайда артынан кейінге қалдырылған.

Зейнеткер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сапарбаев зейнетақы неге бірден толық көлемде берілмейтінін түсіндірді
"Бірақ бұл заң барлық органмен келісілген еді. Қазір қоғамда осы мәселеге қатысты көп талқылау жүріп жатыр. Жұмыс берушілерге, бизнеске салмақ салады дейтіндер бар. 5 проценттік жарна жұмысшының жалақысына ешқандай әсер етпейді. Оны жұмыс беруші өз табысынан төлейді", - деді ол Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Үкімет міндетті зейнетақы жарнасын аудару мәселесін бизнес өкілдерімен талқылауға дайын.

"Түрлі талқылауды ескеріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма берді. Қазір біз жұмыс тобын құрғалы отырмыз. Оның құрамына жұмыс берушілер, "Атамекен" ҰКП, ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар және тағы басқалары кіреді", - деді вице-премьер.

Мәселені талқылап, нақты ұсыныстар енгізгеннен кейін, жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасына қатысты шешім қабылданады.

Жаңалықтар
0