Өңірлер

Нөсер жаңбыр мен бұршақ: синоптиктер үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Медиабанкке өтуСильный дождь. Архивное фото
Сильный дождь. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс пен оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа жоғары

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз - Spuntik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

22-24 тамыз аралығында суық атмосфералық фронттар елдің оңтүстік өңірлеріне жылжиды, деп хабарлайды синоптиктер.

Болжам бойынша, алдағы екі тәулікте осы фронтқа байланысты солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауып, кей жерде нөсер құяды, күн күркірейді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте кей аудандарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал.

Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады?

Оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, күн күркірейді, таулы өңірлерде нөсер құяды, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс пен оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында 22 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, тұман түседі, солтүстіктен соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде ауа температурасы 10-12 градус нөлден жоғары болса, күндіз сынап бағанасы 19-21 градусқа көтеріледі. 23 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстіктен соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде 9-11 градус жылы, күндіз 23-25 градусқа дейін ысиды. 24 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 7-12 м/с, ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз плюс 26-28 градус.

Алматыда 22 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 2-7 м/с, түнде – 17-19 градус жылы, күндіз – 30-32 градус ыстық. 23 тамызда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, батыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с, күн күркірегенде ұйытқуы – 13 м/с, түнде ауа температурасы 16-18 градус жылы, күндіз – 25-27 градус. 24 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с, күн күркірегенде ұйытқуы – 12 м/с, түнде ауа температурасы 15-17 градус жылы, күндіз 25-27 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкент қаласында 22 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, түнде ауа температурасы 17-19 градус жылы, күндіз 34-36 градус ыстық. 23 тамызда көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстік-шығыстан соққан желдің -екпіні 8-13 м/с, кейде 15-20 м/с, түнде ауа температурасы 20-22 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық. 24 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, түнде ауа температурасы 17-19 градус жылы, күндіз 36-38 градус ыстық.

Жаңалықтар
0