Қоғам

Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевУполномоченный по правам ребенка в Казахстане Аружан Саин
Уполномоченный по правам ребенка в Казахстане Аружан Саин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар омбудсмені шетелдіктердің бала асырап алуына қатысты заңға қайшылықты анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайын қазақстандық жетім балаларды шетел азаматтарына сатуға қатысы барын жоққа шығарды.

Қоғам қайраткері Facebook парақшасында өзі туралы кейбір БАҚ-тың балаларды шетелге сатумен айналысты, әр бала үшін 200 мың доллар талап етті деп жазғаны туралы айтты.

"Әлеуметтік желіде тараған мәлімет бойынша айтарымыз, Аружан Сайынның балаларды шетелдіктердің асырауына қатысы жоқ, Аружан Сайын ешқашан бұл мәселемен айналысқан емес", - деп Сайын білім және ғылым министрлігі бала құқықтарын қорғау комитетінің жауабын дәйек ретінде келтірді.

Сонымен бірге Аружан Сайын қазақстандық балаларды шетелдіктердің асырап алуына қатысты өз көзқарасын айтты.

"Мен балаларымызды асырап алуын, әр баланың Қазақстан және шетел азаматтарының отбасында тәрбиелену құқығына ие болуын, біздің елдің барлық халықаралық конвенцияны сақтауын қолдаймын. Бірақ процесс ашық, 100 процент түсінікті және заңды болуы тиіс", - деп мәлімдеді ол.

Балалар омбудсмені атап өткендей, заңнама шетелдіктер мен қазақстандық асырап алушылардың құқықтарын тең қамтамасыз етуі тиіс.

Шетелдіктер үшін Қазақстаннан бала асырап алу қанша тұрады?

Аружан Сайын жазғандай, қазір ұйымдардың сайттарында бала асырап алу тәртібі мен қызмет көрсету құны туралы бүкіл ақпарат бар.

"Мұндай қызмет көрсету 15 800-ден 38 500 еуроға дейін тұрады. Басқа елдерде бағасы әлдеқайда төмен!", - дейді балалар омбудсмені.

Шетелдік ерлі-зайыптыларға мекеме директорына "сары алтыннан жасалған бұйымдар", косметика, әтір, ішімдік және тағы басқа сыйлық тарту етуге кеңес берілген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Аружан Сайыннан балалар омбудсмені қызметінде не күтетінін айтты

Сондай-ақ "баланың диагнозы еуропалық немесе америкалық диагнозбен сәйкес келмейтіні" де айтылған екен.

Осы мәселелерге қатысты бала құқықтары жөніндегі уәкіл атынан Қазақстан президенті мен Бас прокуратураға, сондай-ақ білім министрлігіне хат жолданыпты.

Қазақстанда бала асырап алу ережелері

Аружан Сайын білім және ғылым министрлігінің бала құқықтарын қорғау комитетінен ата-анасынан айырылған балаларды шетелдіктердің асырап алу тәртібін түсіндіруді сұрағанын айтты.

Бала құқықтарын қорғау комитетінің жауабы бойынша, Қазақстанда шетелдіктердің бала асырап алуы республика аумағында аккредитациядан өткен агенттіктер арқылы ғана жүзеге асады.

Бүгінде осы мәселемен ресми айналысатын 13 агенттік бар.

2015 жылдан бері шетелдік отбасылар бір және тоғыз жас аралығындағы 156 қазақстандық баланы асырап алды.

Тағы оқыңыз: Бельгиялық отбасы асырап алған Аида мен Салтанат тарихи отанына келді

"Атап өтсек, Қазақстанда шетелдіктер баланы асырап алу бойынша  ешқандай шығындарды өтемейді", - дейді Аружан Сайын.

Аружан Сайын бала құқықтарын қорғау комитетінен шетелдік ерлі-зайыптыларға қойылатын талаптар мен бала асырап алу құнының қайдан шыққанын, агенттіктердің ата-аналарды жемқорлыққа неге итермелейтінін түсіндіруді талап етті.

Жаңалықтар
0