Қоғам

Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

© Photo : Ақорда баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Түркістан облысының басшысына бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында өңір басшысы Тоқаевқа өңірдің биылғы жеті ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен Түркістандағы құрылыстар жөнінде баяндады.

Тағы оқыңыз: "Төтенше жағдай кезінде қыдырып жүр": Арысқа көшкен Шөкеев кімге шүйлікті?

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Өмірзақ Шөкеевке бірқатар нақты тапсырма берді.

Арыстағы төтенше жағдай

Биыл 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары дереу көрші аудандар мен Шымкентке көшірілді. Жарылыстар тоқтаған соң 28 маусымда үйлеріне қайта бастады.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза болды.

Тағы оқыңыз: Өмірзақ Шөкеев Арыс халқына қандай уәде берді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арыстағы жарылысқа жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жарияланды. Ал бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жүйесінен шығарылды.

Жаңалықтар
0