НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Ресейдің халық әртісі Александра Назарова қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Суыт хабар жаңа ғана жетті. Тамаша актриса, ерекше адам Александра Назарова бақилық болды. Бұл біздің театрымыз үшін ғана емес, еліміздің өнері үшін орны толмас қайғы", - деді театрда.
Театрдың көркемдік жетекшісінің орынбасары Галина Боголюбова актриса шілде айынан бері ауруханада емделгенін хабарлады. Назарованың өкпесі сыр берген.
Белгілі актриса 1940 жылы 17 шілдеде Ленинградта туған. 1961 жылы Островский атындағы Ленинград театр институтын тәмамдады.
Тағы оқыңыз: "Түк көрмей қалдым деп айқайлады": әлемге танымал әнші ауруханаға түсті
1960 жылдан бері киноға түсе бастады. 80-ге жуық картинада ойнаған. "Граница. Таежный роман", "Бригада", "Ночной дозор" және "Елки 1914" фильміне түсті. Көпшілікке "Моя прекрасная няня" сериалындағы бас кейіпкердің әжесі рөлі арқылы танылды.
2001 жылы халық әртісі атағын алды.