Қоғам

Air Astana рейстері Мәскеудің Домодедово әуежайына ұшатын болады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуАэропорт "Домодедово"
Аэропорт Домодедово - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуежайдың ауысуы рейстердің ұшу кестесіне әсер етпейді

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның ірі әуе тасымалдаушысы - Air Astana әуе компаниясы 2019 жылдың 27 қазаннан бастап мәскеулік рейстерінің Домодедово әуежайына (Терминал 1) ауысатынын мәлімдеді. Рейстердің ауысуы ұшу кестесіне әсер етпейді.

Әуежайды ауыстыру Нұр-Сұлтаннан (қыста аптасына 11 рейс) да, Алматыдан (қыста аптасына 14 рейс) да ұшатын рейстерге қатысты. Air Astana әуе компаниясының билеттерді брондау жүйесі 2019 жылдың 27 қазаннан бастап енетін өзгеріске байланысты жаңартылған.

Тағы оқыңыз: Ұшақ кешіксе, не істеу керек: жолаушының құқығы мен әуе компаниясының міндеті

Мәскеудің оңтүстігінде орналасқан Домодедово әуежайы 2018 жылы 29,4 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Әуежай терминалының ауданы 190 мың шаршы метр, онда 140-тан астам дүкен, дәмхана, мейрамхана және тегін Wi-Fi бар. Халықаралық және ішкі рейстерге бір терминалда қызмет көрсетіледі. Бұл әуежай қызметінің тиімділігін арттырып, транзиттік жолаушылардың уақытын үнемдейді. Мәскеу орталығынан әуежайға дейін Aeroexpress пойызымен қырық минутта жетуге болады.

Air Astana Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге 2002 жылдың қыркүйегінен бастап рейстер жөнелте бастады. Содан бері әуе компаниясы осы бағытта 3,5 миллионнан астам жолаушы және 26 мың тоннадан астам жүк тасымалдапты. Air Astana Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жазда он екі рейс орындайтын болса, Алматы-Мәскеу-Алматы бағытында 16 рейс жасайды.

Жаңалықтар
0