Өңірлер

Семей тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жындыханадан бір-ақ шықты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСоциальная сеть "Вконтакте"
Социальная сеть Вконтакте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам ұлттық алауыздықты туғызуға бағытталған материалдар жариялаған

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Сот әлеуметтік желіде заңға қайшы материалдар жариялаған ер адамды күштеп емдету үшін психологиялық стационарға жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздеу шаралары барысында 32 жастағы Семей тұрғынын анықтады. Ер адам "ВКонтакте" желісіндегі жеке парақшасында ұлттық алауыздық туғызуға бағытталған мәтіндерді жариялаған", - деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Ер адамға қатысты Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлімі " Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліпті. Бұл бап бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық журналист Киевтің жындыханасынан бір-ақ шықты

Психиатриялық сараптама қорытындысына сүйенген сот Семей тұрғынының ақыл-есі дұрыс болмағандықтан қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Оны психиатриялық стационарда күштеп емдету туралы шешім қабылданды.

Жаңалықтар
0