Өңірлер

Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

© Photo : СС0 / Tobias HämmerГроза
Гроза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа райы болжамына сүйенсек, кей өңірлерде күн күркіреп, жел тұрады, дауыл соғып, бұршақ түсуі ықтимал

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 21 тамызға ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік, орталық және шығыста жаңбыр жауып, солтүстікте нөсер құяды.

Кей жерде күн күркіреп, жел тұрады, дауыл соғып, бұршақ түсуі ықтимал, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Дабылды ескерту

Маңғыстау облысында сәрсенбі күні аптап ыстық болады – 38 градус.

Қостанай облысында кей жерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Ақмола облысында нөсер құяды, күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында дауыл соғып, кей жерде бұршақ түсуі мүмкін, кей жерде түнде және таңертең тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан облысында, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді, Павлодар облысында түнде тұман түседі.

Батыс өңірлерде – Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында – аптап ыстық болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады?

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда ертең ауа райы жаңбырлы болып, күн күркірейді. Күндіз ауа температурасы 19-21 градус, түнде 14-16 градус жылы.

Алматыда 21 тамызда көшпелі бұлтты, күндіз 28-30 градус, түнде 15-17 градус нөлден жоғары.

Шымкентте аптап ыстық, күндіз температура 33-35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17-19 градус болады.

Жаңалықтар
0