Экономика

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары тағайындалды  

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі және премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары болған

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Үкімет қаулысымен Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Әсет  Ирғалиев туралы не білеміз

Әсет  Ирғалиев 1986 жылы Қостанайда туған. 2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдады. Швециядағы халықаралық бизнес мектебі, Йорк және Ноттингем университеттерінде оқыды.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілін меңгерген.

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаҰлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Әсет Ирғалиев
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары тағайындалды   - Sputnik Қазақстан
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Әсет Ирғалиев

2010 жылы Лондонда Еуропаның қайта құру және даму банкінің экономикалық департаментінде қызмет етті. Шығыс Еуропа мен Кавказдың экономикалық саясаты жөніндегі өңірлік сарапшы болған. Кейін дәл осы департаментте бас өңірлік сарапшы қызметін атқарды. 2011 жылдың қараша айында банктің өңірлік экономисі болды.

2013 жылдың қаңтар айында "Экономикалық зерттеу институты" АҚ кәсіпкерлікті қолдау орталығының  директоры лауазымында болды. 2016 жылдың ақпан айында "Экономикалық зерттеу институты" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Дариға Назарбаеваның қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды

2016 жылы қазан айында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрасының кеңесшісі, 2016 жылы желтоқсан айында премьер-министр кеңесшісі болды.

2017-2018 жылдары премьер-министр кеңсесіндегі жобалық басқару орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.

2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурыз айына дейін ұлттық экономика вице-министрі.

2019 жылдың наурыз айынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары болды.

Жаңалықтар
0