Қоғам

Теріні ерте қартайтады: қандай алты тағамнан бас тарту керек?

© Photo : FotodomКрасивая азиатская девушка с ухоженной кожей и без макияжа
Красивая азиатская девушка с ухоженной кожей и без макияжа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар тізімнің бесінші орнына алкогольді жатқызған

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Дәрігерлер терінің уақытынан бұрын қартаюына әкеліп соғатын алты тағамды атады, деп хабарлайды "Известия".

Мамандардың айтуынша, зиянды өнімнің бірі – қант. Қантты үнемі рационға қосу коллаген синтезін баяулатады.

Тізімнің екінші сатысында қайта өңделген ет тұр. Дәрігерлер бұл өнімді мөлшерден тыс қолдану зат алмасу процесіне кері әсерін тигізіп, теріні өңсіз ететінін алға тартады. Сондай-ақ, безеу пайда бола бастайды.

Ал тұзды көп қолданғандардың беті жиі ісіп, терінің сапасы нашарлайды.

Тағы оқыңыз: Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады

Тізімге көптің сүйікті сусыны саналатын кофе де еніп отыр. Ол ағзаны құрғатып, әжім түсіреді.

Бесінші орында – алкоголь. Мамандар спирттік ішімдік ішу салдарынан теріде шағын ісіктің пайда болып, қан тамырларының қызарып, айқын көрініп тұратынын айтады.

Алтыншысы - жүгеріден жасалған өнімдер, чипсы, попкорн сынды тағамдар. Дәрігерлер бұл өнімді жиі жеу ағзадағы омега-3 және омега-6 май қышқылының балансын бұзады деп отыр.

Жаңалықтар
0