Әлем

Жөтелінің себебін білген ер адам 16 күннен кейін көз жұмды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЕр адам басын ұстап тұр
Ер адам басын ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британиялық темір ұстасы екі ай бойы үздіксіз жөтелген

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. 56 жастағы британиялық Тревор Уокер жөтелінің себебін білгеннен кейін екі жұмадан соң көз жұмды. Дәрігерлер оның ішегінен ісік тапқан, деп хабарлайды РИА Новости.

Темір ұстасы болған Уокер екі ай бойы үздіксіз жөтелген. Алғашында жақындары ол кеуде қуысына таралған инфекция жұқтырып алды деп ойлайды. Алайда дәрігерлер 56 жастағы британиялықтың ішегінен қатерлі ісік тапты. Ауру асқынып, өкпесіне тараған.

Дәрігерлер Уокердің шамамен үш апта ғана өмірі қалды деген қорытынды жасады. Ер адам қауіпті диагнозын білгеннен кейін 16 күн өткен соң көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Теріні ерте қартайтады: қандай алты тағамнан бас тарту керек?

Уокермен 24 жыл бірге тұрған жесірі күйеуінің салауатты өмір салтын ұстанғанын айтады. 30 жыл бұрын темекіні тастаған, ішімдік те ішпеген.

Әйелдің айтуынша, күйеуінен әлсіздік пен жөтелден басқа, қатерлі дерттің көзге көрінерлік белгілері байқалмаған.

Жаңалықтар
0