Әлем

16 жастағы бозбала бүкіл отбасын балталап өлтіріп, өз-өзіне қол салды

© Photo : pixabay / Markus Spiske Топор
Топор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқыққорғаушылар жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Ресейдің Ульянов облысында тергеушілер бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады РИА Новости.

18 тамыз күні таңертең Патрикеево ауылындағы үйлердің бірінен 66 жастағы ер адамның, 69 және 42 жастағы екі әйелдің және төрт жастағы екі баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

Кейінірек ауыл жанындағы ұялы байланыс мұнарасының қасынан құқыққорғаушылар қаза тапқандардың туысы – 16 жастағы жасөспірімнің денесін тапты.

Тағы оқыңыз: Алматыда үйіне келген әйел жатын бөлмеде балтамен жүрген қаскөйдің үстінен түседі

Алдын ала болжам бойынша, бозбала отбасы мүшелерін балтамен өлтіріп, өз-өзіне қол салған. Ол шизофренияға шалдыққан болуы мүмкін, деп мәлімет берді өңірлік прокуратура өкілі.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталады.

Жаңалықтар
0