Оқиға

Шығыс Қазақстандағы тауда Ресей азаматы құтқарылды

© Photo : Комитет по чрезвычайной ситуации министерства внутренних дел КазахстанаВертолет МИ-8 компании "Казавиаспас" комитета по ЧС, архивное фото
Вертолет МИ-8 компании Казавиаспас комитета по ЧС, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Альпинист әйел Белуха тауында қар көшкіні астында қалып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Белуха тауына шығар кезде қар көшкіні астында қалған Ресей азаматын құтқарды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Ресейлік альпинистер тобы Белухаға шыңын бағындыруға аттанып, 3 000 мың метрге көтерілгенде, қар көшкіні жүрген. Топ мүшелерінің бірі - 63 жастағы Тюмень тұрғынын қар ағыны алып кеткен.

Әйел адам қолын сындырып, көтпеген жарақат алады. Ми-8 тікұшағымен Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің тоғыз құтқарушысы аттанған, олардың екеуі – Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері.

"Тұман салдарынан түк көрінбей кеткенімен, әуеде барлау арқылы адамдар тобы табылды. Тікұшақ экипажы төтенше оқиға болған жерге жақын қонып, құтқарушылар әйелге жәрдем көрсетті", - дейді Құтқару жасағының басшысы Игорь Лапенлавский.

© Photo : Официальный сайт министерства внутренних дел КазахстанаҚазақстан құтқарушылары ресейлік әйелді құтқарды
Шығыс Қазақстандағы тауда Ресей азаматы құтқарылды - Sputnik Қазақстан
Қазақстан құтқарушылары ресейлік әйелді құтқарды

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетті. Туристер өз лагеріне оралса, зардап шеккен әйел Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0