НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы белсенді азаматтарды Nur Otan партиясының қатарына қосылуға шақырды.
"Біз өз бастамаларын ұсынатын белсенді азаматтарды, блогерлердің бәрін көреміз, естиміз. Өз еліне шынымен жаны ашыса, біз оларды бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Өз идеяларын Nur Otan партиясы аясында жүзеге асыра алады", - дейді Елбасы партияның саяси кеңесінің бюросында.
Елбасы призвал всех неравнодушных граждан присоединиться к партии для решения острых социально-экономических проблем государства pic.twitter.com/IgLneMfKt2
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) August 16, 2019
Осыған дейін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияны мәжіліс сайлауына дайындауға шақырған болатын. Ол Конституцияда көрсетілген мерзімде өтеді.