Қоғам

Аттестациялау жүйесі: тестілеу кезінде заң бұзған мұғалімдер қалай жазаланады?

© Sputnik / Виталий АньковАрхивное фото мужчины, находящегося в состоянии стресса
Архивное фото мужчины, находящегося в состоянии стресса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім министрі аттестациялау жүйесіндегі өзгерістер туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда ұлттық біліктілік тестілеуінен өту процедурасы өзгереді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін президент педагогтарды аттестациялау жүйесіне өзгерістер енгізу қажет екенін айтты. Сондықтан біз ұлттық біліктілік тестілеуінен өту процедурасын өзгертетін боламыз. Біріншіден, ол толығымен автоматтандырылады. Басшылықтың араласуына жол берілмейді", - деді министр тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, аттестация жүйесінің тәртібі мемлекеттік қызметтегі тест тапсыру үлгісінде жасалмақ.

"Мұғалімдер қалаған уақытында арнайы сайтқа кіріп, тест тапсыруға өтініш береді. Егер өтінім расталса, тест тапсыру күнінің кестесі жазылады. Мұғалім қалауына қарай бір күнді таңдап, жазыла алады", - деді Аймағамбетов.

Тағы оқыңыз: Енді мұғалімдер аптасына бес күн жұмыс істейді

Ол қазіргі аттестациялау жүйесі ҰБТ-ға ұқсайтынын атап өтті.

"Тестілеуге келген мұғалімдерді мұқият тексереді, көңіл толмайтын дүниелер көп. Біз болашақта олардың ешқандай тексерусіз кіргенін қалаймыз. Бізде электронды тестілеу жүйесі болады. Егер біреу мұғалімге көмектессе немесе ұстаз рұқсат етілмеген заттарды пайдаланса, жүйе оны бірден анықтайды. Мұндай педагогтар біліктілік тестін тапсыру және санат алу құқығынан бес жылға айырылады", - деді министр.

Айта кетсек, астанадағы Тәуелсіздік сарайында президенттің қатысуымен дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Жиынға республиканың түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық мұғалім келген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Сондай-ақ бірқатар педагог президенттің қолынан марапат алды.

Жаңалықтар
0