Қоғам

Аймағамбетов ҰБТ-ны электронды түрде тапсыру қалай жүзеге асатынын түсіндірді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПодросток за компьютером, архивное фото
Подросток за компьютером, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім министрінің айтуынша, ҰБТ-ның электронды форматында адамның бет-әлпетін танитын жүйе пайдаланылатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта тапсыру бастамасын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде біз осы бастаманы қалай іске асыратынымызды қарастырып жатырмыз. Әрине, оны неғұрлым тезірек енгізсек, соғұрлым жақсы болады. Себебі заман өзгеріп жатыр. Қазіргі ұлттық бірыңғай тестілеуді іске асырып жатқанымызға 16 жыл болды. Бүгінде жаңа технологиялар бар ғой. Соның бәрін мемлекеттік гранттарды ашық әрі әділ тарату үшін неге қолданбасқа?", - деді Аймағамбетов арнайы баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде мыңдаған тәртіп бұзушылық тіркеліп, мобильді телефондар және тағы басқа құрал-жабдықтар тәркіленіп жатады. Мұның бәрі ұпай санын заңсыз жинауға, ал, ең бастысы, білім гранттарын иеленудегі әділетсіздікке жол ашады.

Тағы оқыңыз: Білім министрі ҰБТ-ға қандай жаңашылдық енгізілетінін айтты

"Қазіргі кезде электронды тест тапсыру жүйесі мемлекеттік қызметте бар. Ол жерде толығымен электронды формат: компьютердің алдына отырасың да, сұрақтарға жауап бересің. Ең соңында қанша сұраққа жауап бергеніңді де білуге болады. Сосын бізде адамның бет-әлпетін танитын жүйе болады деген жоспар бар. Барлық прокторинг (тест тапсырушыны онлайн бақылау - Sputnik) жүйелері болады. Мұның бәрі басқа біреудің көмегіне жүгінуге жол бермейді", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0