Елорда тынысы

Әлеуметтік қызметкерлер жалақыны өсіргеннен кейін депутаттарға шағымданды

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстанның ұлттық валютасы -теңге
Қазақстанның ұлттық валютасы -теңге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада әлеуметтік қорғау саласында 1300 адам еңбек етеді, олардың орташа жалақысы – 80 мың теңге

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Елорданың әлеуметтік қызметкерлері мәслихат депутаттарына жалақының төмендігіне шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл маусымда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке көтерілді. Алайда ақшалай мәнде үстемақы небәрі бес-алты мың теңгені құраған. Бұл туралы елорда мәслихатының отырысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина айтты.

"Тағы бір проблеманың бірі – әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлығын өсіру. Жалақыны 30 процентке көтергенмен, небәрі бес-алты мың теңге ғана қосылды", - деді ол.

Айтуынша, бүгінде елордада 1300 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 80 мың теңге шамасында.

Еске сала кетсек, ақпан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.

Тағы оқыңыз: 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы өседі?

Олардың арасында әлеуметтік қызметкерлер, кітапxанашылар, орманшылар, ветеринар дәрігерлер, іс жүргізушілер, аула сыпырушылар, теxникалық персонал және тағы басқа жұмысшылар бар.

Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берді.

Жаңалықтар
0