Өңірлер

"Бес уақыт намаз оқитын": Алматы тұрғыны өгей қызын төрт жыл бойы зорлап келген

CC0 / / Одинокая девушка
Одинокая девушка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды төрт жылдан аса жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Алматының 42 жастағы тұрғыны өгей қызын зорлады және заңсыз қару-жарақ сақтады деген күдікке ілінді. Жезөкшелерге сутенерлік жасағаны үшін ұсталған оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды КТК.

Күдіктінің әйелі бұрынғы күйеуінің үй қамақта отырғанына наразы. Қызы оның атын естісе кеудесіне өксік тығылып, тұншығады. Ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды төрт жылдан аса жыныстық қатынасқа мәжбүрлепті.

"13 жасқа толғанымда, алғаш рет зорлады. Оны анама айта алмадым. Екеуі қаншама жылдан бері бірге тұрады, отбасының шырқын бұзам ба деп қорықтым. Ол кезде екеуінің 4 баласы болды. Ал анам үйде жоқта өгей әкем менен кейінгі інім екеуімізді ұрып-соғатын", - дейді бойжеткен.

Тағы оқыңыз: "Жартылай жалаңаш әйел атып шықты": елорда тұрғыны зорлықшыны қалай ұстағанын айтып берді

Ол биыл 18 жасқа толды. Өзінің айтуынша, мектепті үздік бітірсе де, жоғары оқу орнына құжат тапсырмаған. Ешкіммен араласпайды, себебі өгей әкесі үйде отыр деп бұйырған.

Ал күдіктімен 15 жыл отасқан келіншек бес уақыт намаз оқитын адам мұндай арсыздыққа барады деп ойламағанын айтады. Әйелдің екінші некеден 4 баласы бар. Үлкені 14-те, кішісі 5 жаста.

"Намаз оқитын, бірақ ешқашан мешітке барған емес. "Аллаға сыйынғанымды жұртқа көрсетудің қажеті жоқ" деп айтатын. 1-2 күн үйге қонбай, жоқ болып кететін. 15 жылдың ішінде нақты не істеп жүргенін айтқан емес. Өткен өмірі туралы сұрасам, жауапсыз қалдыратын. Бірақ отбасын ешқашан аш қалдырған жоқ", - дейді ол.

Ер адам әйелінің үйде жоқтығын пайдаланып, өгей қызын зорлап отырған. Келіншек күйеуінің өзгеруіне теріс діни ағым әсер етті деп санайды. Сондай-ақ аса ауыр қылмысқа қатысы бар оның үй қамақта отырғанына да қарсы. Тергеу аяқталмаса да, отбасының қауіпсіздігі үшін абақтыға жабылсын дейді. 

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні үй қамаққа алу мерзімін 4 айға ұзарту туралы Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы аға тергеушісінің өтініш хаты қанағаттандырылды. Ең алғашында 2 айға үй қамаққа алынған. Содан кейін осы аға тергеушінің өтініш хатымен бір айға ұзартылған. Енді 15 қыркүйекке дейін үй қамақта болады", - деп мәлімет берді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің бас маманы Абай Жарылқасын.

Тағы оқыңыз: Пойызда зорланған әйел басынан өткен сұмдықты жылап тұрып айтып берді - видео

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің өгей қызын зорлағанына қатысты іс енді тергеліп жатыр.

"Бұл азаматты біз Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша жезөкшелікке арналған притонды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартқанбыз. Содан соң ол азаматтың бірнеше қылмысқа қатысы бар екенін белгілі болды. Яғни заңсыз қару-жарақ сақтау және бірнеше жыл бойы өзінің өгей қызын зорлау деректері бойынша біз тағы да екі қылмыстық істі қозғадық", - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Егер күдіктінің кінәсі сотта толық дәделденсе, 20 жыл арқалауы мүмкін. Ол бұған дейін заңсыз қару сақтағаны үшін 2 рет сотталып, бас-аяғы 10 жарым жыл түрмеде жазасын өтеген.

Жаңалықтар
0