Жеті атаға жетпей қосылғандарды қалай жазалаған?
Теріс бата – әке-шешесі алақанын теріс қарата жайып, лағнет айтып, қарғыс дұғасын оқыған.
Тас ату – әр үйден бір адамнан шығып, бір кесек тасты елді қара бет еткен жастарға атқан.
Үстінен мал айдау – жерге жатқызып байлап, үстінен қоралы қойды өткізу арқылы малдың тұяғына таптатып өлтірген.
Елден аластау – екі жасты байлап, елден алыс жерге апарып, тентіретіп қоя берген.
Асау жылқының құйрығына байлап, сүйретіп жіберіп те жазалаған.
Жеті ата туралы мақал-мәтелдер
- "Жеті атасын білмеген – жетесіз"
- "Жеті атасын білген жетімдік көрмейді"
- "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер".