Спорт

Министр Қазақстанның Токио Олимпиадасында қанша медаль алуы мүмкін екенін айтты

© AP Photo / Jae C. HongПассажиры проходят мимо Олимпийских колец
Пассажиры проходят мимо Олимпийских колец - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, қазақстандық спортшылар 2020 жылы Жапония астанасы Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға қызу дайындалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың қанша медаль алатынына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ведомство басшысы Токиода өтетін XXXII жазғы Олмпиада ойындарына бір жылдан да аз уақыт қалғанын атап өтті.

"Олимпиадаға дайындық белсенді жүріп жатыр. Осы жылдың көлемінде ұлттық құрамадағы ойыншылар 28 лицензиялық әлем чемпионатына, 19 Азия чемпионатына және 12 әлемдік іріктеу турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Онда Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу квоталары сарапқа салынады", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тағы оқыңыз: Олимпиада чемпионы он баласын қалай асырап жүргенін айтты

Оның айтуынша, осы мақсатта қазақстандық спортшылар 2020 жылы 3 әлем және 19 Азия чемпионатына, 18 әлемдік іріктеу турниріне қатысады.

"Дүбірлі дода басталғанға дейін қазақстандық спортшылар лицензиялық рейтинг ұпайларын жеңіп алу үшін 50-ден астам әлем кубогіне қатысады. Олардың нәтижелері бойынша Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады. Жоспар бойынша 2016 жылғы Олимпиадаға дейінгі лицензияны жеңіп алу міндеті қойылып отыр", - дейді Ақтоты Райымқұлова.

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиадаға 26 спорт түрінен 104 қазақстандық спортшы қатысқан. Осы орайда мәдениет және спорт министрі Токио Олимпиадасына қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен 10 лицензияны ұтып алғанын атап өтті. Олар жеңіл атлетика Георгий Шейко, Ольга Рыпакова, велошоссе Евгений Гидич, суға жүзуден Баландин Дмитрий, Худяков Виталий және садақ атудан Санжар Мұсаев, Ганкин Денис, Рифат Абдуллин.

Қазақстандық спортшылар қанша медаль алуы мүмкін

Брифинг барысында спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сәпиев 4 жылда бір рет өтетін дүбірлі додаға дайындық қызу жүріп жатқанын жеткізді.

"Дайындық жұмыстары пысықталды. Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бізде 10 лицензия бар. Ұлттық Олимпиада комитетіне құрамадағы спортшыларды дайындау жөнінде мемлекеттік деңгейде тапсырма бердік. Биыл тиісті лицензияны ұтып алдық. Алдағы жылы лицензияның басым бөлігін алуды жоспарлап отырмыз", - деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар қанша медаль алуы мүмкіндігіне қатысты болжам жасады.

Тағы оқыңыз: Қазақ қызы Беларусь құрамасына Олимпиада алтынын сыйлады

Оның пікірінше, қазақстандық спортшылар 10 медальден кем алмауы тиіс.

"Біз планканы төмен түсірмейміз. Жұмыс істеп жатырмыз. Олимпиада ойындарына арналған арнайы бағдарлама бар. 3 жыл бұрын өткен Олимпиадада алған медальдер санын төмен түсірмеуді ойлаймыз. Жас спортшыларды дайындап жатырмыз. Құрамаға легионерлерді көп қоспаймыз", - деді министр брифингтен соң журналистерге.

Айта кетейік, 2016 жылы Рио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) ұтып алған болатын. Нәтижесінде қазақ елі 200-ден астам ел ішінен жалпы есепте 22-орынға ие болды.

Жаңалықтар
0