НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Ғалымдар ағзаны жасартатын көкөністі атады. Асқабақ түрлі дәруменге бай және емдік қасиеті бар. Мамандар оның ағзаның жасаруына септесетініне сенімді, деп хабарлайды "МК".
Мұндай зерттеуді америкалық ғалымдар жасаған. Ол адам денсаулығына оң әсерін тигізеді. Мамандардың айтуынша, асқабақтың құрамында А және Е дәрумені бар. Сондай-ақ, ол әжімді жазып, теріні жақсартады.
Ал көкөністегі С дәрумені безеуді азайтып, адамның жас көрінуіне жағдай жасайды. Ғалымдар асқабақты күнделікті жеу шаш пен тырнақтың жағдайымен қатар ұйқыны да жақсартатынын айтады. Бұдан бөлек, шаршағанды басып, есте сақтау қабілетін арттырады.
Тағы оқыңыз: Жас ұлғайған сайын уақыт неге зымырай бастайды?
Асқабақтың пайдасы мұнымен де бітпейді. Ол онкологиялық сырқаттардың да алдын алады.