НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Жартылай орта салмақтағы қазақ боксшысы Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz.
Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақ боксшысы нокаутқа түсіп қалды - видео
Жаңабаев Сиднейде (Австралия) ICC Exhibition Centre аренада өткен бокс кешіне қатысты. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Стив Гаго болды. Жекпе-жекте WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдары бәске тігілді.
Он раундқа есептелген кездесуде төрешілердің шешімімен Нұрсұлтан жеңіске жетті: 96-91, 95-92, 95-92.
Жаңабаев кәсіпқой бокста осымен сегізінші жекпе-жегін өткізіп, бәрінде жеңіске жетті (оның бесеуін нокаутпен ұтқан). Гаго алғаш рет жеңіліс тапты, ол 11 жекпе-жекті ұтқан (оның төртеуі – нокаут).