Экономика

Қазақстанда ЖІӨ өсімі жыл басынан бері 4,2% болды

© Sputnik / Владислав ВодневРуслан Даленов
Руслан Даленов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрсеткіштің өсуіне өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуы септігін тигізген

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жеті айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 процент болды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 процент болды. Қаңтар-маусымда бұл көрсеткіш 4,1%-ті құраған еді", - деді Дәленов үкімет отырысында.

Айтуынша, оң серпін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестицияның тұрақты қарқынымен қамтамасыз етіліп отыр.

Инвестициялар ауыл шаруашылығында 61,4%-ке, құрылыста 46,3%-ке, саудада 23,0 және өнеркәсіпте 18,9%-ке өскен.

Тағы оқыңыз: Досаев АҚШ президентінің мәлімдемесінен кейін қандай өзгеріс болғанын айтты

"Инфляция деңгейі жылдық мәнде 5,4 процентті құрады. Бұл инфляция дәлізінің 4-6% шегінде", - деді министр.

Дәленов жыл басынан бері көптеген көрсеткіштердің оң серпіні сақталғанын атап өтті. Министр орталық және жергілікті атқарушы органдарға үшінші тоқсанда бірқатар мәселелерге назар аударуды сұрады. Олар: негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды бақылауды қамтамасыз ету, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымын барынша пысықтау және инфляцияны бақылауды күшейту.

Жаңалықтар
0