Әлем

Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды

© Sputnik / Табылды КадырбековБывший президент Кыргызстана Алмазбек Атамбаев
Бывший президент Кыргызстана Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстанның мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік комитеті, ІІМ мен Бас прокуратурасы Кой-Ташеде болған оқиғаға қатысты қоғам алдында есеп берді

АЛМАТЫ, 13 тамыз — Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріске дайындалды деген айып тағылып отыр.  Қырғызстанның мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік комитеті, ІІМ мен Бас прокуратурасы осындай мәлімдеме жасады. Құзырлы органдар Кой-Ташеде болған оқиғаға қатысты алғашқы тергеуден кейін қоғам алдында есеп берді.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшісі Орозбек Опумбаев Атамбаев әдейі қантөгіс ұйымдастырып, кейін мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Атамбаев өзін еріксіз алып кетеді деп күтті. Ол  үйдің аумағында балалар мен қарттарды әдейі жинап, оларға ақша төледі... Қақтығыс пен қан төгістің болғанын қалады. Мемлекеттік төңкеріс жасау үшін қантөгіс керек болды. Сол кезде Атамбаев билікті кінәлайтын еді. Мен бұл туралы ресми түрде айтып отырмын", - деді.

Сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы күш құрылымдарында Атамбаевтың адамдары болғаны туралы айтты. Олар бәрін алдын ала хабарлап отырған. Сондықтан арнайы жасақ Атамбаевтың резиденциясына күтпеген жерден бара алмайтын еді. 

Қазір Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырудан бөлек, адам өлтіру сынды бірқатар аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. 

Атамбаев қалай ұсталды

7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Енді ол 26 тамызға дейін тергеу абақтысында қамауда болады.

Соңғы деректер бойынша, екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

Жаңалықтар
0