Саясат

Тоқаев Бірғаным Әйтімованың өкілеттігін тоқтатты

© Sputnik / Владислав ВодневБірғаным Әйтімова
Бірғаным Әйтімова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше сенат депутатының өкілеттіктерін тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше сенат депутатының өкілеттігін тоқтатты. Мемлекет басшысының жарлықтары Ақорда сайтында жарияланған.

Мемлекет басшысы бір жарлығымен парламент сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіктерін тоқтатса, енді бір жарлығымен Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіровты сенатор қызметіне тағайындады.

Айта кетейік, бұған дейін экс-сенатор Асқар Бейсенбаев Қазақстанның Беларусь республикасындағы елшісі болып тағайындалған болатын. Ол ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқаратын болады.

Жаңа сенатор Нұртөре Жүсіп "Айқын" газетінің бас редакторы болса, Асқар Шәкіров Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған еді.

Экс-сенатор Бірғаным Әйтімованың жаңа жұмыс орны әзірше белгісіз.

Жаңалықтар
0