Әлем

21 жасынан бері дене бітімі өзгермеген 50 жастағы модель бар құпияны ашты

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл англиялық әйел "Әлем күлкісі" сұлулық байқауында үшінші орынға ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Йорк қаласының тұрғыны Шани Хаганның ана екеніне көп адам сенбеген, деп жазды The Sun басылымы.

Оның 17 жастағы ұлын әпкесі деп ойлап қалыпты. Бұл жағдай көңіліне қатты тиген.

​"Әлем күлкісі" сұлулық байқауында екінші вице-мисс атағын жеңіп алған 50 жастағы Шани Хаган (Shany Hagan) "жастық шағын" қалай сақтап қалғанын әңгімелеп берді.

Ол ешқашан бетіне ботокс жасатпағанын және ешқандай препарат қабылдамағанын атап өтті.

Шани Хаган осы уақытқа дейін адамдар ана екеніне сенбегенін айтады.

"Қазір бұл жағдай менің көңілімді көтереді. Бірақ осыған дейін уайымдайтынмын. Менің достарым болған жоқ. Себебі, басқа аналар "күйеуін өзіне қаратып алады" деп ойлап, менен алыс жүретін", - деп ағынан жарылды 50 жастағы әйел.

Сонымен қатар ол бұрынғы күйеуінен не үшін ажырасқанын амәлім етті. Оның айтуынша, ер адамдардың көзіне жиі түсетін болған.

"Менің дене бітімім 21 жастан бері өзгерген жоқ. Сондықтан адамдар мені осы жаста деп ойлайды", - дейді Хаган.

Тағы оқыңыз: "Барби" атанған шымкенттік қыздың пәктік туралы пікірі жұртты елең еткізді

50 жастағы әйелдің пікірінше,  көптеген тұрғын оның сұлулығының құпиясын білгісі келеді.

"Оның құпиясы жоқ. Ешқандай еркекпен кездесіп жүрген жоқпын. Сондықтан ештеңеге уайымдамаймын. Бетімде әжім жоқ, әрі қартаюдың белгілері де байқалмайды", - дейді модель.

Сонымен қатар Шани Хаган әжімнің болмауын бал маскасымен байланыстырады. Ол ұйықтар алдында бетіне осы масканы жағады екен.

50 жастағы әйел көп жеміс-жидек, көкөніс жеп, су ішеді, әрі жақсы ұйықтайды.

Жаңалықтар
0