Аңдатпа

Қазақстанда 12 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Астаны, Мост через реку Ишим
Виды Астаны, Мост через реку Ишим - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 12 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ ,13-16 тамыз аралығында болатын оқиғалар туралы біле аласыз

12 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – 12 жасқа дейінгі балалар арасында командалық теннистен Азия біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді. Шараға 15 мемлекет: Қазақстан, Йемен, Ливан, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Непал, Тайланд, Малайзия, Шри-Ланка, Үндістан, Иран, Филиппин, Индонезия және Тайвань қатысады. Теннистен Қазақстан намысын Полина Слепцова, Зара Даркен, Іңкәр Дүйсебай, Әмір Омарханов, Артем Сидоров, Ерасыл Бахтияр қорғайды.

10.00 – Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев, Батыс-Азия өңірінде теннисті дамыту ITF комитетінің мүшесі Амир Боргей (Иран), турнир директоры Айя Оспанова, турнирдің судьясы Антон Игнатченконың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. (Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы 4/2, Байланыс телефоны +7 702 842 77 47).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстанның қор биржасы медиа брифинг өткізеді. Жиын барысында қор нарығының 2019 жылдың шілде айында атқарған жұмысы жайлы статистикалық мәлімет айтылады. Спикер: KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк (Almaty Towers көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280. Аккредитация: +7 (727) 237 53 42, pr@kase.kz).

12.00 – "Журналистің жұмысына кедергі жасауға жол бермеу" баспасөз мәслихаты. Қатысушылар: "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Қалеева, адвокат Айман Омарова, "Азаттық" радиосының журналисі Тоқмолда Құсайынов, Қазақстандағы адам құқығы және заңды сақтау халықаралық бюросының журналисі Андрей Гришин  (қазақстандық баспасөз клубы, "Самал-2" шағын ауданы, 58, "Сәтті" тұрғын үй кешені. Аккредитация: +7 (727) 264 71 13, +7 747 262 20 63).

12.00 – Төрт елдегі (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) Central Asia"s Got Talent телевизиялық жобасының қазылары тыңдалым өткізді. Осыған орай баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: "Хабар" телеарнасының бағдарламалық директоры Айкүміс Сексенбаева, Central Asia"s Got Talent шоуының бас продюсері Серік Әкішев, сондай-ақ, халықаралық қазылар алқасының мүшесі Нұрлан Абдуллин (Қазақстан), Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан), Ситора Фармонова (Өзбекстан), Аловуддин Абдуллаев (Тәжікстан) (Ғабит Мүсірепов атындағы театр. Аккредитация: +7 701 144 52 89,  pr@khabar.kz).

АРЫС

10.00 – Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Шымкент әкімі Ерлан Айтахановпен кездеседі. Кездесу барысында Федерация мен әкімдік арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады (Байланыс телефоны +7 702 344 10 66 Мақпал Рысбаева, электронды пошта: makpal_r84@mail.ru).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

22.00 - Халықаралық армия ойындары аясында "Уверенный прием" радио байқауының төртінші кезеңі өтеді (байланыс әскері мамандарының жарысы) Байқаудың финалы 14 тамыз күні болады (40-шы әскери базаның Гвардейский полигоны).

13 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Халықаралық сарапшы Анжела Вицанидің қатысуымен ішкі аудиторлардың ұлттық конференциясы өтеді. Конференцияны Қазақстанның қаржы министрлігі "Астана" халықаралық қаржы орталығының бюросымен және Қазақстан ішкі аудиторларының институтымен бірлесіп ұйымдастырады (ЭКСПО аумағы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/23, С4 блогы. Аккредитацияны   +7 (7172) 75 03 75, 75-03-42, 75-02-31 немесе minfingovkz@gmail.com поштасы арқылы жасауға болады).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстандағы қаржы пирамидаларына арналған баспасөз мәслихаты. Шараға Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қаржы сауаттылығын және қаржы қызметінің сапасын арттыру орталығының басқарушы директоры Ләззат Үсенбекова, "Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы" ҚҚ сарапшысы Шынар Елубаева, заңгер Асқар Қаймақов, Growth of Capitals қаржы пирамидасынан зардап шеккендер Гүлнәр Саньярова мен Жазира Смағұлова, жәбірленушілердің өкілі, заңгер Әлия Байзақова қатысады ("Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Құрманғазы көшесі, 61а. Аккредитация  +7 (727) 250 35 28, +7 777 300 16 95 нөмірі немесе press2@interfax.kz поштасы арқылы жасалады).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

10.00 – Халықаралық армия ойындары-2019 аясында "Эстафета" үшінші кезеңі (Қазақстанның қарулы күштері "Отар" 40-шы әскери базасының Гвардейский полигоны).

14 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 - 1 Million Cups шаралар тізбегі басталады. Оны MOST бизнес-инкубаторы Asian Development Bank және Qaztech Ventures қолдауымен жүзеге асырмақ. Әр сәрсенбі сайын өтетін шарада стартаперлер сөз сөйлейтін болады. 14 тамыздағы күн тәртібінде - "Тұрақты туризм". (Costa Coffee кофеханасы: Kaisar Plaza сауда және ойын-сауық орталығы, Желтоқсан көшесі, 115, Бөгенбай батыр көшесімен қиылыста).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

11.00 –  Халықаралық армия ойындары-2019 аясында "Сұңқарды аңға салу" байқауының "Эстафета" үшінші кезеңі. Сайысқа бес мемлекет – Ресей, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай қатысады (Қазақстанның қарулы күштері "Отар" 40-шы әскери базасының Гвардейский полигоны).

15 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – "Бақытты билет" жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалі ашылады. Фестивальді елорда әкімдігі мен Ресейдің Нұр-Сұлтандағы ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен "Современник" халық жастар театры ұйымдастырады ( Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,  №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, "Современник" театры).

16 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00-19.00 – "Бақытты билет" жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің қойылымдары. "Современник" театры байқаудан тыс Оскар Уайльдтың пьесасы бойынша  "Как важно быть серьезным" спектаклін көрсетеді. Барлық қойылымға кіру тегін (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,  №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, "Современник" театры).

20.30 –  "Бақытты билет" жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің жабылу салтанаты (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,  №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, "Современник" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0