НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде 12 тамыз дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерде нөсер құяды. Кей жерде жел тұрып, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ірі қалалардағы ауа райы
- Нұр-Сұлтанда дүйсенбіде күн ашық болады, күндіз ауа температурасы +32, түнде +19 болмақ. Сондай-ақ елордада 15 м/с-қа дейін жылдамдықпен жел соғады.
- Алматыда да күн аптап ыстық – күндіз сынап бағанасы +36 градусқа дейін көтеріледі.
- Шымкентте күндіз +35, түнде +24, жауын-шашынсыз.
Өңірлердегі ауа райы
Қызылорда облысында кей жерде күн күркіреп, дауыл соғады, шаңды дауыл болады, түнде кей жерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, күндіз кей жерде ұйытқуы 23 м/с.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облысында кей жерде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ түсі мүмкін, желдің екпін 15-22 м/с.
Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с. Күндіз Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, кей жерде 23 м/с жылдамдықпен шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарында күндіз кей жерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында, күндіз Түркістан облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, Жамбыл облысында шаңды дауыл соғады.
Алматы облысында Алакөл аумағында желдің екпіні 17-22 м/с.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады?
Күндіз Алматы, Жамбыл, Ақмола облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде аптап ыстық болмақ.