НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы президент твиттердегі аккаунтында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тоқаев Қазақстан халқына жолдауды 2 қыркүйекте жасайды.
"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазды мемлекет басшысы.
Айта кетсек, бұл осы жылы 9 маусымда Қазақстан президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы.
Бұған дейін елді шамамен 30 жылдай басқарған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа 23 рет жолдау арнаған еді.