НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Шахрат Нұрышев президентке оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде баяндады.
Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.