Қоғам

Нұр-Сұлтанда айлап жалақы алмаған жұмысшылар аштық жариялады

CC0 / congerdesign / Пост продлится до 7 апреля включительно
Пост продлится до 7 апреля включительно - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі айдан бері толассыз түсіп жатқан арыз-шағымдарға сүйенген еңбек инспекциясы көпір салатын компанияны тексермек

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Елордада көпір салып жатқан жұмысшылар 9 айдан бері жалақы алмаған. Төзімі таусылған құрылысшылар құрылыс басына жиналды. Шиеленіскен жағдайға бас мемлекеттік еңбек инспекторы араласуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Таңертеңнен құрылыс алаңына жиналған жұмысшылар аштық жариялады.

"Біз аштық жариялаймыз. Түнімен осы жерде жату керек пе, жатамыз. Ақшамызды бермегенше", - дейді құрылыс нысанының аспазы Шайра Рузметова.

Жұмысшылардың дүрліккенін көрген учаскелік полицейлер оларды сабырға шақырып, бір жерге үйіліп тұрмауын сұраған. Алайда ашулы талаптарын алға тартып, орындарынан бір адым жылжыған жоқ. Сөйтіп тұрғанда, мемлекеттік еңбек инспекторы араға түсті.

Елдің бас мемлекеттік инспекторы Төлеген Оспанқұловтың келуі сол екен тоғыз ай түк бітірмеген жұмыс беруші, бүгін жалақыны аударуға дайын болып шықты.

"Бухгалтерияға осы жиналған жұмысшылардың тізімі жіберілді. Бүгін-ертең жалақы шоттарына аударылады", - деп сендірді жоба жетекшісі Александр Попов.

Тағы оқыңыз: Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы бас көтерді

Тізім бойынша 26 адам ғана. Ал айлығын ала алмай, аулына қайтып кеткен қанша жұмысшы бар. Компания басшылығы алдағы күндері олардың да еңбекақысын береміз деп отыр.

Екі айдан бері толассыз түсіп жатқан арыз-шағымдарға сүйенген еңбек инспекциясы көпір салатын компанияны тексермек.

"Бүгін мына мәселені шешкеннен кейін, ертең осы жерде істеген басқа адамдар арызбен қайтадан келеді ғой. Солар арызбен келмесі үшін мекемені тексеру барысында жұмыстар жүргізіледі", - деді Төлеген Оспанқұлов.

Айта кетсек, көпір 2018 жылдың желтоқсанында салынып бітуі керек еді. Бірақ құрылысы осы жылдың соңына дейін ұзартылған.

Тағы оқыңыз: Министр Нұр-Сұлтандағы жұмысшылар ереуілі туралы: бұған нүкте қою керек

 

Жаңалықтар
0