Саясат

Мамин премьерлерге жалпы ішкі өнімді қалай өсіру қажеттігін айтты  

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өту Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Беларусь премьер-министрі Сергей Румас және Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Тигран Саргсян
 Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Беларусь премьер-министрі Сергей Румас және Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Тигран Саргсян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысы сондай-ақ Еуразиялық одақ елдері бойынша салалық кәсіпорындарды бөлудің цифрлық картасын әзірлеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық одақта "қарапайым заттар экономикасын" дамытудың бірлескен бағдарламасын жасауды ұсынды.   

Ол Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.

Қазақстан премьерінің пайымынша, "қарапайым заттар экономикасын" дамытудың бірлескен бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту және экономиканы өсірудің тиімді құралдарының бірі болуы мүмкін.

"Бұл сектор жалпы өнімді ЖІӨ-нің 1,5% дейін өсіруге мүмкіндік бере алады", — деп премьер-министрдің сайты Маминнің сөзінен үзінді келтірді.  

Үкімет басшысы сондай-ақ одақ елдері бойынша салалық кәсіпорындарды бөлудің цифрлық картасын әзірлеуді ұсынды. Электронды сауда платформаларын дамытудың қажеттігін атап өтті. Аталған перспективалы әлемдік трендті пайдалану өзара сауданың өсуіне ықпал етіп, үшінші елдердің нарықтарына тауарлар экспортын ынталандыруға жол ашады. 

Тағы оқыңыз: ЕАЭО премьер-министрлері Қырғызстанда қандай мәселе талқылап жатыр?

Маминнің айтуынша, қаржы нарықтары, қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл салаларында ынтымақтастықты дамыту қажет. 

Осыған орай Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды. АХҚО аясында Қаржы технологияларының хабы құрылды, ол қаржылық технологиялар нарығында барлық өңірлік қатысушыны біріктіру үшін жоғары сапалы инфрақұрылымның құрылуын қамтамасыз етеді. Хаб қаржылық технологиялар нарығына жаңа өнімдерді енгізуге және ынталандыруға мүмкіндік береді.

Отырыстың қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды.

Жаңалықтар
0