Қоғам

Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының уақыты жарияланды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚұрбан айт
Құрбан айт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы күнінде, яғни, Арафа күнінен кейін және Ораза айттан 70 күннен кейін басталатын Құрбан айт мейрамы үш күн тойланады

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталығының мәліметін негізге ала отырып, осы жылы Құрбан айт мерекесі тамыздың 11-і күні басталатынын хабарлайды.

ҚМДБ мақұлдаған күнтізбе бойынша биыл құрбан айттың бірінші күні тамыздың 11-не сәйкес келіп тұр. Айт намазы оқылып біте салысымен мұсылман жұртшылығы құрбандықтарын шала бастайды. Құрбан шалудың уақыты айтың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша Құрбан айт намазының уақыты: 

  • Нұр-Сұлтан - 7:00
  • Алматы - 7:00
  • Алматы облысы - 7:00
  • Ақтөбе - 7:00
  • Ақмола облысы - 7:00
  • Атырау - 7:00
  • БҚО - 7:00
  • Қарағанды - 7:00
  • Қостанай - 8:00
  • Қызылорда - 7:00
  • Маңғыстау - 7:00
  • Түркістан облысы - 7:15
  • Шымкент - 7:15
  • Павлодар - 7:00
  • Семей - 7:00
  • СҚО - 7:00
  • Талдықорған - 7:00
  • ШҚО - 7:00
  • Жамбыл - 7:00

Биыл Құрбан айтта қалай демаламыз?

2019 жылғы діни мерекелер күнтізбесі

Жаңалықтар
0