НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Көшпелі халықтардың баспанасын "Рух Ордо" мәдени орталығының "Киіз үй" қонақ үйі ұсынған.
Арнайы тігілген киіз үйге Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, Қырғызстанның үкімет басшысы Мұхаммедқали Әбілғазиев, Ресей премьері Дмитрий Медведев, Беларусь үкіметінің басшысы Сергей Румас, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян жиналды.
Тағы оқыңыз: ЕАЭО премьер-министрлері Қырғызстанда қандай мәселе талқылап жатыр?
ЕАЭО-ға мүше елдердің премьерлері бірқатар құжатқа қол қойды. Олардың арасында ЕАЭО-ның кеден аумағында қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімге дайындық пакеті, ЕАЭО жоғарғы органдарының қаржылық-шаруашылық қызметіне ревизия қорытындысы, сондай-ақ, ЕАЭО мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ұсыныстары мен сұраныс балансы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдары және тағы басқалары бар.