Өңірлер

Алматыда жоғалып кеткен отбасы табылды

CC0 / Free-Photos / Семья
Семья - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасы туыстарымен байланысқа шықты, олардың жағдайы жақсы

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Алматыда бір күн бұрын жоғалып кеткен отбасы табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inAlmaty.kz.

Тағы оқыңыз: Өскеменде күйеу жігіт үйлену тойына үш күн қалғанда ізім-ғайым жоғалып кетті

Ведомствоның мәліметінше, жоғалған отбасының жағдайы жақсы.

"Отбасы туыстарымен байланысқа шықты. Олардың жағдайы жақсы. Кейінірек толық ақпарат береміз", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ерлі-зайыпты – Андрей және Наталья Чурилиндердің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Олардың кәмелетке толмаған үш баласы өздерімен бірге болған.

Айта кетерлігі, отбасының барлық мүшесі мылқау, бір-бірімен тек ым арқылы сөйлеседі.

Жаңалықтар
0