Қоғам

"Нүкте қоятын кез келді": білім министрі маңызды мәселенің тоқетерін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневУченики на уроке, архивное фото
Ученики на уроке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді сарапшылық жұмыс жүргізуге үйрету мәселесіне тоқталды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық сапасына қатысты мәселені қалай шешетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқулықтардың сапасына қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Неге? Себебі оқулықтарды асығыс даярлаймыз. Сынақтан өткізу жұмысы да жарты жыл жүреді. Ал жарты жылда бәрін тексеріп шығу мүмкін емес", - деді Аймағамбетов астанада өткен жиында.

Министрдің айтуынша, оқулықтарға сараптама жасау мәселесі де өзекті болып тұр. Себебі кез келген мұғалім сараптама жасай алмайды. Ал осы жұмысқа көп жағдайда нағыз сарапшылар тартылмайды. Соның салдарынан бір проблема жыл сайын қайталана береді.

"Мұғалімдерді сарапшылық жұмыс жүргізуге үйрету керек. Оларға арнайы куәлік берген дұрыс. Дәл осы сарапшылар оқулықтарды тексеруі тиіс. Сонда сараптаманың сапасы да, оқулықтардың сапасы да жақсарады. Әйтпесе, бүгінде сараптама тек қағаз жүзінде ғана жүргізіледі. Бірақ оның тиімділігі төмен", - деді Аймағамбетов.

Білім министрі оқулық авторларына да талап қоюды ұсынып отыр. Өйткені әрбір автордың оқулық жазу мәнері әртүрлі. Соның барлығы баланың материалды қабылдауына әсер етеді.

"Біз сарапшыларды үйретеміз. Қазір ең үздік деген мың мұғалімді іріктеп, олар үшін арнайы курс өткіземіз. Арнайы куәлік береміз. Солардың ішінен жыл сайын сарапшыларды таңдап, оқулықтарды тексертетін боламыз. Сондай-ақ, оқулық авторларын да дайындықтан өткіземіз", - дейді Аймағамбетов.

Тағы оқыңыз: 1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Білім министрлігі мәлімдеме жасады

Оның сөзіне қарағанда, оқулықтардың сараптамасы үшін арнайы электронды жүйе жасалады. Сол арқылы оқулықтар мамандардың қарауына алдын ала беріледі. Ал сарапшылар өз ескертпелерін бірден көрсетіп отырады. Баспалар болса, кеткен қателік үшін жауап беруі керек.

"Осы мәселеге нүкте қоятын кез келді. Біз нақты әрі жүйелі шараyы қолға алуымыз қажет. Бүгінде оқулықтарда өрескел қателер жоқ. Дегенмен, біз ондай олқылықтарды толығымен жоюымыз керек", - деді министр.

Жаңалықтар
0