Саясат

Атамбаевты ұстау операциясы: Тоқаев пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы көрші елдегі жағдай жуық арада шешілетініне үміт білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Қазақстан президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді", - деді Уәли.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді.

Қырғызстанда не болып жатыр?

Алмазбек Атамбаевтың Бішкектен 20 километр жерде орналасқан Қой-Тас ауылындағы үйіне шабуыл жасалғаны туралы кеше кешке белгілі болды. Күш құрылымдары Атамбаевтың үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдегендей, резеңке оқпен ата бастаған.

Атамбаевтың жақтастары күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде үйге кірді. Кейінірек белгілі болғандай, олар арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алды.

Қырғызстанның бұрынғы басшысын ұстау операциясы сәтсіз аяқталды.

Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, 48 адам зардап шеккен. Бір арнайы жасақ сарбазы операция кезінде кеуде тұсына тиген оқтан қаза болды.  

Тағы оқыңыз: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім - Атамбаев

Сооронбай Жээнбеков демалыстан Бішкекке оралып, Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп жатыр.

Атамбаевтың мәлімдемесі

Атамбаевтың айтуынша, арнайы жасақ әскери қару да қолданған. Дегенмен Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті күш құрылымдары резеңке оқ қолданды деп мәлімдеді.

"Күш құрылымдарына үндеу жасаймын: өз халқыңа оқ атпа, мұның бәрі сендерге жақсылық әкелмейді", - деді Қырғызстанның экс-басшысы.

Атамбаев өз үндеуінде көптеген жазықсыз адамның зардап шеккеніне өкініш білдірді.

Жаңалықтар
0