Әлем

Алмазбек Атамбаев ұсталды

© REUTERS / Vladimir PirogovБывший президент Кыргызстана Алмазбек Атамбаев и его сторонники на встрече с журналистами в селе Кой-Таш под Бишкеком, архивное фото
Бывший президент Кыргызстана Алмазбек Атамбаев и его сторонники на встрече с журналистами в селе Кой-Таш под Бишкеком, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Ол қарауыл жасағымен Бішкекке бара жатыр деген ақпарат тарады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды. Оны қарауыл жасағымен Бішкекке алып бара жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан құқық қорғау органдарындағы адамның ақпаратына сілтеме жасап.

Бұл туралы өзге БАҚ та жазып жатыр.

Бейсенбі күні Атамбаевқа қарусыз адамдарға оқ атты деген ресми айып тағылды.

Бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті қылмысын өтеп жүрген Азиз Батукаевтың заңсыз бостандыққа шығуына қатысты жауап алуға шақыртылған болатын. Атамбаев жауап алуға барудан бас тартты.

Атамбаевтың үйіне жасалған шабуыл

7 тамыз күні кешке Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Экс-президенттің резиденциясы орналасқан ауыл Бішкек қаласынан 20 шақырым қашықтықта. Атамбаевты ұстау операциясын елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы жүргізген. Олар бұрынғы президенттің үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, резеңке оқпен ата бастаған.

Тағы оқыңыз: Қырғызстандағы дүрбелең: Атамбаевқа қандай айып тағылып отыр?

Күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде Атамбаевтың жақтастары үйге кіріп, арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алған. Жергілікті тұрғындар мен Атамбаевтың жақтастары арнайы жасақ сарбаздарына тас лақтырып, жағдай ушыға түсті. Артынша атыс басталды.

Соңғы мәліметке сәйкес, 52 адам зардап шекті. Арнайы жасақтың бір қызметкері қаза болды.

 

Жаңалықтар
0