Видео

Әскери дипломатияның жаңа форматы: Қазақстанда "Армия ойындары" басталды - видео

Жазылу
7 тамызда Халықаралық армия ойындарының қазақстандық кезеңі басталды. Салтанатты рәсімді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ашты

"Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің бастамасымен өткізіліп келе жатқан Халықаралық армия ойындары биыл өзінің бес жылдығын атап өтіп жатыр. Осы бес жыл ішінде ауқымды әрі маңызы зор жарысқа айналды, себебі оған биыл 39 ел қатысады. Бұл ойындардың көп ұзамай жаңа деңгейге көтерілетініне сенімдімін. Жарысқа қатысып әрі жүлделі орын алғандар барлық халықаралық спорттық сайыстағыдай құрметке ие болмақ", - деді қорғаныс министрі.

Халықаралық армия ойындарын министр "әскери дипломатияның жаңа форматы" деп атады.

Халықаралық армия ойындарының қазақстандық кезеңі 7 тамызда басталады. Отардағы (Жамбыл облысы, Қазақстан) әскери база аумағында "Зеңбіректен ату шеберлері", "Сенімді қабылдау", "Бүркіт аңшылығы" сияқты сайыстар өтеді.

Тағы оқыңыз: Халықаралық армия ойындары - 2019: алғаш рет қыздар "Танк биатлонына" қатысты

Армия ойындарының бағдарламасы 32 жаяу, әуе және теңіз сайыстарынан тұрады. Қазақстандық команда оның 16-сына қатыспақ.

Бұған дейін Мәскеу түбіндегі Алабино полигонында өткен "Танк биатлоны" жарысында қазақстандық танкистер топ жарып, жеңімпаз атанды.

Алдыңғы ойындарда Қазақстанның Қарулы күштері құрамасы үздік үштікке енген.

Жаңалықтар
0